Ересек "Жұлдыз" тобы", «Анаға қарап қыз өсер» (сайыс). Тәрбиеші: Турлина Б.М.
І.Мақсаты: Қазақ қыздарының анасының жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп өсуіне, аналарынан үйренгенін көрсете білуге және өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Санасына туған анасына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Ана тілін, дінін, оның тарихын, мәдениетін, өмірін, кәсібін қастерлеп, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларын меңгерте отырып, қазақ қызына тән қасиеттерге баулу.
Көрнекілігі: Сахнада нақыл сөздер, түрлі-түсті шарлар, қабырға газеті және интербелсенді тақта қолданылады.
ІІ. Шарттары:
- Байқауға тәрбиеленуші 1 қыз бала анасымен қатысады.
- Байқауға қатысатын қыз бен анасының сахнада өзін-өзі ұстауына, жүріс-тұрысына,дауыс ырғағына тіл байлығына, біліміне, сыртқы бейнесіне, сахна мәдениетін білуіне, әртістік қабілеттеріне, ұлттық құндылықтарды насихаттай білуіне назар аударылып, бағаланады.
Барысы:
жүргізуші:
«Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» демекші, әрқашанда аман жүріңіздер, аяулы жандар. Ана. Үш-ақ әріптен құралған «Ана» сөзінің астарында үлкен мән жатқанын кез келген саналы азаматтың ұғынары сөзсіз.
Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы – Анадан артық қасиетті, киелі ештеңе жоқ
Әлемге әйгілі ақын-жазушылар мен ғұламалардың Ана жайлы тебіреніп, жазып қалдырған асыл сөздері қаншама…
Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. .
Ендеше осы байқауға қатысатын қыздарымызды аналарымен ортаға шақырайық.
Олай болса Жулдыз тобының атынан
- Ғани Талшын Мағауияқызы.
- Анасы Джумадилова Жансая Ахмедсалиевнаны қарсы аламыз
Көбелек тобынын атынан
1.Исахан Марьям Досжанқызы
2,Ахметова Құралай Иембергенқызы
Балдырған тобының атынан
1.Даниярқызы Алиша
2.Сапарова Акбобек
Гүлдер тобынын атынан
- Мұхаммед –Кәрім Динара
- Мұхаммед –Кәрім Кәусар
Қызғалдақ тобынын атынан
1.Тайманқызы Арайлым
2.Ерлан Манчук
Жүргізуші:
Ұлтымыздың салт-дәстүрін қадірлейік,
Жастарды имандылыққа әзірлейік.
Тәрбие мен білімді тең игерген,
Болашағы қазақтың деп тілейік.
Бүгінгі сайысқа ару қыздарымызбен бірге он саусағынан өнер тамған, сұлу әрі қадірлі аналарымыз қатысып отыр. Қыздарымыз бен аналарымызға қошемет көрсетейік.
Байқау 5 бөлімнен тұрады:
І- бөлім: «Таныстыру »
Бұл бөлімде байқауға қатысушылар өздерін таныстырады.
ІІ- бөлім: «Өнерлінің өрісі – кең».
Байқауға қатысушы анасымен бірге бір өнер кұрсетеді.
III-бөлім: «Ас-адамның арқауы!»
V Киім үлгісі «Сән салтанаты».
Күз мезгілінде киетін үлгісін көрсету керек.
IV-Салт-дәстүр
Байқауды бастар алдында қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. Балабақша әдіскері Исаева С.Т
2. Шаруашылық менгерушісі Дуанкулова Ж С
3. Тәрбиеші Аскарова Ф А
І бөлім: «Таныстыру »
Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген арулар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
ІІ бөлім Өнер сайысы «Өнерлінің өрісі – кең».
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан.
Өнеріңді қане бүгін көрсетші,
Мына жұртқа қошеметпен қол соққан, — дей отырып аруларды өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз. /Өнерлерін кезектесіп көрсетеді/
III-бөлім: «Ас-адамның арқауы!»
- Ұлыс күні тағам толса, Ол жылы ақ мол болар!
Аналар ұлттық тағам жасаса,
Қолдарынан бал тамар!-деп Үйден дайындалып әкелінген тағамдарының жасалу жолдарымен таныстырып өтсе
IV-Киім үлгісі «Сән салтанаты»
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Сымбат-сәні келіскен ару-қызға
Әрдайым жұрт сүйсініп қарасатын.
IV-Салт-дәстүр «Текемет»(Жүн түтү, сабау, бояу.Ұршық иіру )
Жаңғырғаны сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата – салтын бабамның
Алып келді осы күн.
Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы Жырын» орындай отырайық
Жүргізуші:
Әділ қазыларға сөз кезегін бере отырып, сахнаға байқауға қатысқан қыздарымызды аналарымен шақырамыз
/Марапаттау рәсімі жүргізіледі/
Жүргізуші:
Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық.
Ана десем, шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Аналарымыз аман, бейбітшілік заман болсын!
Хош, сау болыңыздар!
Посмотреть онлайн файл: doc1.docx