26
февраль
2020
Ашық оқу қызметі . Ересек "Балапан" тобы Тақырыбы: "Қар ұлпасы" Тәрбиеші:С.С. Қадырова
Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдерімен, ай аттарымен таныстыру. Тәулік бөліктерімен (таң, күндіз, кеш, түн) таныстыру. Балаларға жалпы қардың қасиеті туралы түсініктерін кеңейту; Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту; Табиғатты қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Зерттеушілік қабілеттерін арттыру. Түстерді қайталау. Зерттеу жұмыстарын жасай отырып, өз ойларын жеткізе білу, сол түсініктерін көрсете білуге дағдыландыру; қардан түрлі пішіндер жасау жолдарын көрсету. Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту;