«Экология туралы ұғым» (Серуендегі бақылау), Ересек «Жұлдыз» тобы Тәрбиеші : Б.М. Турлина.
Тақырыбы: «Экология туралы ұғым».
Білімділік: Балалардың табиғат туралы білімін бекіту.
Дамытушылық: Тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, көрнектілік, серуен.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: суреттер.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде неше ай бар?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Тамаша! Балалар, өте жақсы!- балалар қимылмен айтады.
- Қазір күз мезгілі
- Күз мезгілінде 3 ай бар. Олар: қыркүйек, қазан, қараша.
- сәрсенбі
- Ұйымдастырушылық-ізденістік.
- Балалар сендер далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?
- Аспан, бұлт, машина, ит,ағаш, мысық, жер,қар.
- Балалар қалай ойлайсыңдар, күн, су, ауа керек пе?
- Ия, күн,су, ауа бізге керек.
- Осының барлығын бір сөзбен айтқандане дейміз?
-Табиғат қандай болады?
- Өлі табиғатқа не жатады?
- Тірі табиғатқа не жатады?
- Неге біз тірітабиғат деп айтамыз?
- Мен бір конверт тауып алдым.
- Мұнда не жазылған екен оқып көрейік.
1-тапсырма.
(Серуен барысында бізді қоршаған ортада тірі табиғат пен өлі табиғаттарды жеке жеке атап беріңдерші. Түсіндіреді неге екенін.)
Қимылды ойын «Тірі және өлі табиғат»
(Тірі табиғат болса жүреді, өлі табиғатты айтса тоқтайды, табиғатқа жатпайтын нәрсені айтса отырады).
Енді ары қарай серуеніміз жапырақтарды бақылаумен жалғастырайық.Олардың түсін, ағаштағы жапырақ пен жерге түскен жапырақтың айырмашылығын бақылап қарайық.
Жыл мезгіліне қарай жапырақтардың өзгеруін мұқият бақылап, бізді қоршаған ортамызды яғни экологиямызды жердегі бүлінген жапырақтан тазартайық.
Қорытынды:
Әрқашанда экологияны ластамауға тырысып, табиғатты таза ұстауға үлес қосу барлығымыздың міндетіміз борышымыз.
Посмотреть онлайн файл: jekologija-turaly-ym-2024.docx