Қыс қызығы » ГККП Ясли сад № 58
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№58 бөбекжай-балабақшасы"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН
Телефон завующего:
+7(727) 302-31-51
Телефон методиста:
+7(727) 302-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Қыс қызығы
31
январь
2020

Қыс қызығы

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығымен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілінде өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Осы бір қаһарлы аязда біздің балабақшамыздың бүлдіршіндері серуенде, қанқызын бірігіп жасадық. Жүздері күлкіге толы бүлдіршіндер бейне бір қыстың қаһарлы аязын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін сезіп тұрғандай қуанады .
View this post on Instagram

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығымен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілінде өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Осы бір қаһарлы аязда біздің балабақшамыздың бүлдіршіндері серуенде, қанқызын бірігіп жасадық. Жүздері күлкіге толы бүлдіршіндер бейне бір қыстың қаһарлы аязын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін сезіп тұрғандай қуанады . Ортаңғы "Көбелек" және "Ботақан" топтары.

A post shared by ГККП «Ясли-сад 58» (@_yaslisad58) on


View this post on Instagram

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Қыс – балалық шақтың естелігі. Қыс – аппақ қар секілді кіршіксіз сезімдердің бастамасы. Шанасын көтерген балақайлар, олардың жүзіндегі қуаныш, қамсыз көңіл – бәрі-бәрі адамды бей-жай қалдырмайды. Балабақшамыздағы бүлдіршіндеріміздің бүгінгі көрінісі. Қыс қызығы "Күншуақ" тобы. #қысқызығы

A post shared by ГККП «Ясли-сад 58» (@_yaslisad58) on



View this post on Instagram

Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Бүгінгі күнде "Қызғалдақ" тобының тәрбиеленушілері шырша жасап, безендіріпті. #қысқызығы

A post shared by ГККП «Ясли-сад 58» (@_yaslisad58) on