«Сиқырлы су» (Ұйымдастырылған іс-әрекет), Ересек «Жұлдыз» тобы Тәрбиеші: Турлина Б.М. » ГККП Ясли сад № 58
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№58 бөбекжай-балабақшасы"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН
Телефон завующего:
+7(727) 302-31-51
Телефон методиста:
+7(727) 302-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сиқырлы су» (Ұйымдастырылған іс-әрекет), Ересек «Жұлдыз» тобы Тәрбиеші: Турлина Б.М.
10
март
2025

«Сиқырлы су» (Ұйымдастырылған іс-әрекет), Ересек «Жұлдыз» тобы Тәрбиеші: Турлина Б.М.

Сиқырлы су


Түрі: Танымдық-зерттеушілік ұйымдастырылған іс-әрекет.

Мақсаты: Балаларды қарапайым зерттеу әдістеріне тарту, жансыз табиғаттың қасиеттерін зерттеу. Баланың сумен эксперимент жасау процесінде танымдық қызығушылықтарын ояту.

Міндеттері: Су туралы білімдерін кеңейту. балаларды судың қасиеттерімен таныстыру (түсі, иісі), судың үш күйі туралы білімдерін қалыптастыру;

Дамытушылық: Алғашқы тәжірибелер жасау дағдыларын дамыту, ойлау, сөйлеу, ой-өрісін және білуге құмарлық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Қауіпсіздік ережелерін сақтауға, топпен жұмыс жасай білуге, суға ұқыпты қарай білуге тәрбиелеу.


Дамытушы ойын: «Су кімге керек?»

Сөздік: Балалармен әңгімелесу, тәрбиешінің түсіндіруі, іздену сұрақтары.

Құралдар: Пластмассалық ыдыс, су, акварельді краска, бояғыш (краситель), шыны ыдыстар, суйық сабын, балықтың түрлі-түсті суреттері 

Шаттық шеңбері

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді біз білмейміз.

Қуанамын мен де, қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге.

Сұрақ-жауап:

Балалар, қане ,айтыңдаршы қазір қандай мезгіл?
Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырайын:

Дәмі жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кіс жоқ.

Бұл, жұмбақ не тұралы?

Шомыласың, жүзесің,

Шөлдегенде ішесің.

Бұл не? Айтып берейікші.

Тәрбиеші: Су қай жерде кездеседі?

Балалар: Өзенде, жаңбырда,

Тәрбиеші: Су бізге не үшін қажет?

Балалар: Тамақ істеуге, шомылуға, ішуге.

Тәрбиеші: Ендеше, біз су туралы қызықты ұйымдастырылған іс-әрекет болады.


Тәрбиеші: Балалар! Сендер білесіңдер ме судың сиқырлы қасиеттері бар: онымен ойнауға, түрлі іс – тәжірибелер мен сиқырлар көрсетуге болады. Қазір
 нағыз ғалымдар сияқты түрлі тәжірибелер (эксперименттер) жасаймыз, сондықтан сендерді зертханаға шақырамын.

Тәрбиеші: Зертханада біз қандай ережелерді сақтаймыз. Айқайламаймыз, менің бұйрығымсыз еш нәрсеге тиіспейміз, өз орнымызда ғана жұмыс жасаймыз. Орындарымызға отырамыз. 

(Балалар алдында су құйылған пластмасс ыдыс).

Тәжірибе: «Су асты әлемі» (ұжымдық жұмыс)

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Су астындағы ғажайып әлемді балалардың өз көзерімен көрсету. Балалардың қызығушылығын арттыру. Су астындағы жәндіктердің түрлерімен таныстыру.Судың қажеттілігін және маңыздылығын түсіне білуге, суды орнымен пайдалануға тәрбиелеу.

Шарты: Пластмасс ыдыстың түбіне түрлі түсті балықтардың суреттерін жабыстырамыз. Оның үстіне жылы су құйып, акварельді бояумен суды көгілдір түске бояп, сұйық сабынмен суды көпіртіп аламыз. Балалар қолдарындағы шыны ыдыстардың көмегімен, суға салу арқылы су астындағы балықтарды көреді. 


Тәрбиеші: Балалар,сендерге біздің тәжірибеміз ұнады ма? Судың түсі қандай болады екен? Су астында қандай тірі тәндіктер өмір сүреді екен? 

Қорытынды: Судың дәмі жоқ, ол дәмсіз, бірақ су өзінің ішіне салған басқа

заттың түсін немесе дәмін сіңіп алады екен. Судың астында көптеген тірі жәндіктер өмір сүреді екен.


Тәрбиеші: Балалар қалай ойлайсындар, судың иісі бар ма? Үстел үстінде сендердің алдында түрлі түсті бояу тұр, оны су толған ыдыстың ішіне салып, судың түсін коріңдер.

Тәрбиеші: Судың бар ма? Таза судың түсі  жоқ, бірақ оның ішіне басқа бір нәрсе қоссақ, ол сол нәрсенің түсін алады. Алдымыздағы су бояғыштың түсін алды.


Сергіту сәті. Музыка ырғағына сәйкес қимылдарын қайталайды. «Бұлт» және «Жаңбыр» қимылды жаттығуын жасау.


Балалар су туралы өлең оқиды


1-бала.               Егер үстің былғанса,

Кім көмекке келеді?

Тазалықты бәрінен,

Анам жақсы көреді

Су дегенің тіршілік,

Өмір сүру ізгілік.


2-бала.                Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Таза бетің, маңдайың.

Тазалықтың досы,

Су дегенің осы.


2-тәжірибе: «Батады,батпайды»

Қолданылатын құралдар: пластмасса ойыншық, доптар, тастар.

Мақсаты: Женіл, ауыр, қатты, бататын, батпайтын заттар қасиетін айтып түсіндіру.

Тәрбиеші: Балалар доп суға неге батпады?

Балалар: Өйткені доп жеңіл.

Тәрбиеші: Қане допты алып барлығымыз суға салып көрейік. 

Тәрбиеші: Ал балалар мынау не?

Балалар: Тас

Тәрбиеші: Тас қандай?

Балалар: Қатты, ауыр.

Тәрбиеші: Тасты суға салайық. Тас не істеді суға батып кетті, өйткені тас ауыр.


Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз судың қасиеттерімен танысып алдық. Сендердің естеріңде қызықты не қалды? Бүгін сендер судың қандай қасиеттерін біліп алдыңдар?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ұйымдастырылған іс-әрекетіміз қызықты өтті деп айта аламын. Сендерге рахмет! Мен сендерді жақсы көремін, алдағы уақыттарда да тәжірибелер жасайтын боламыз.


siyrly-su-eresekter-toby-zertteu.docx [1,09 Mb] (cкачиваний: 1)
Посмотреть онлайн файл: siyrly-su-eresekter-toby-zertteu.docx