«Мен және қоршаған орта», (Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет), Ересек «Жұлдыз» тобы Тәрбиеші: Турлина Б.М. » ГККП Ясли сад № 58
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№58 бөбекжай-балабақшасы"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН
Телефон завующего:
+7(727) 302-31-51
Телефон методиста:
+7(727) 302-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен және қоршаған орта», (Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет), Ересек «Жұлдыз» тобы Тәрбиеші: Турлина Б.М.
10
март
2025

«Мен және қоршаған орта», (Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет), Ересек «Жұлдыз» тобы Тәрбиеші: Турлина Б.М.

«Мен және қоршаған орта»

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Қоршаған ортаны тану

Мақсаты: Балалардың табиғатқа, қоршаған ортаға, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Өлі және тірі табиғатпен таныстыру, оны ажырата білу. Жан-жануарларды, құстарды, өсімдіктерді қорғауға, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Табиғат аясында өзін мәдениетті ұстауға, қоршаған ортаны ластамай сақтауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Жанды-жансыз табиғат, үй жануарлары, үй құстары

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, ойын, 

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Тәрбиеші: Балалар, көңіл күйлерің қалай?

Балалар: Тамаша!

Тәрбиеші: Олай болса, шаттық шеңберіне тұрып бір-бірімізбен амандасып, өзімізге және өзгелерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайық.

Шаттық шеңбері:

Қуанамыз күлеміз,

Бар әлемді сүйеміз.

Қол ұстасып, қуанып,

Достармен бір жүреміз.

Тәрбиеші: Балалар, жан-жақтарыңа зер салып қараңдаршы. Нені, кімді көріп тұрсыңдар?

Балалар: Балалар, достар, апай, парта, тақта, төсек т.б

Тәрбиеші: Ал үйде жүргенде ше?

Балалар: анам, әкем, әжем, атам, ағам-бауырым, әпкем, мысығым, теледидар, тамақ, ойыншықтар

Тәрбиеші: Ал балабақшаға келе жатқанда не байқадыңдар?

Балалар: Адамдар, ит, талдар, шөптер, құстар, автобус т.б

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, сендер өте байқампаз екенсіңдер! Ал бұлардың барлығын ортақ сөзбен қалай атайтынымызды білесіңдер ме?

Балалар: ..........

Тәрбиеші: (дұрыс/дұрыс емес) айтасыңдар балалар. Бізді қоршаған орта – табиғат деп аталады. Табиғат жанды және жансыз табиғат болып бөлінеді. Барлық тіршілік ететін, тыныс алатын, өсетін, қоректенетін, қозғалатын табиғат иелері – жанды табиғат деп аталса, қозғалмайтын, тыныс алып қоректенбейтін денелер – жансыз табиғат деп аталады. Мысалы, біз-адамдар қандай табиғатқа жатамыз?

Балалар: Жанды

Тәрбиеші: Не үшін жанды табиғатқа жатқыздыңдар? 

Балалар: Өйткені қозғаламыз, тыныс аламыз, өсеміз, тамақтанамыз

Тәрбиеші: Өте дұрыс айтасыңдар балалар. Олай болса қазір біздермен алдарыңда жанды/жансыз табиғатты ажыратып 1-тапсырманы орындайық. Алдарыңда тұрған 1-параққа жанды табиғатты, ал екінші параққа жансыз табиғатты орналастырайық

1-тапсырма Жанды/жансыз табиғат. Жабыстырмалы тапсырма

Жанды табиғат: Қыз бала, құс, ағаш, түлкі, инелік, ұлу

Жансыз табиғат: Күн, бұлт, тау, бұлақ, тас

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, енді ортаға келіп,  бой сергітіп «Жанды-жансыз» деген ойын ойнап алайық. 

1-ойын: «Жанды-жансыз»

Шарты: Музыка қосылғанда барлық балалар билеп тұрады. Музыка өшкенде тәрбиеші жанды не жансыз табиғатты атайды. Егер ол жанды табиғат болса балалар музыка өшіп тұрса да әрі қарай билей береді. Егер жансыз табиғат болса балалар қатып қалады. Ойын шартын орындамаған бала ойыннан шығып отырады.

Тәрбиеші: Балалар, сендер жанды-жансыз табиғатты өте жақсы түсініп алған екенсіңдер. Енді мен жанды табиғат иелеріне тоқталғым келіп отыр. Соның ішінде бізді қоршаған ортамыз отбасымыздан басталады. Отбасмыздағы адамдар біздің ең жақын адамдарымыз. Ендеше қазір ортадағы «Отбасы ағашына» отбасы мүшелероінің суретін орналастырайық. Сендер отбасыларыңдағы отбасы мүшелерін айтыңдар, екінші бала ағаштағы тиісті орынға суретті орналастырыңдар

2-тапсырма: «Отбасы ағашы»

Тәрбиеші: Отбасы мүшелері, адамдардан кейін біз көретін жанды табиғат иелері -  үй жануарлары, жабайы жануарлар және құстарға тоқталайық. Қазір «Даусынан таны» деген ойын ойнайық. Алдымен мен үй жануарларының көлеңкесінің тұсында көрсетілген QR код арқылы үй жануарларының дыбысын қосатын боламын, ал сендер ол қай үй жануары екенін атап, көлеңкенің тұсына үй жануарларының суретін жабыстырасыңдар

3-тапсырма: «Даусынан таны»

Тәрбиеші: Сендер өте дұрыс таптыңдар, енді жабайы жануарларды есімізге түсіру үшін келесі тапсырманы орындап көрейік

4-тапсырма: «Жануардың басын тап»

Шарты: Әр жануардың денесінің тұсына басын қойып жабыстырады.

Тәрбиеші: Сендер өте зерек екенсіңдер, ендеше келесі ойында сендердің шапшаңдықтарыңды тексеріп көрейік

2-ойын: «Ұшты-ұшты» ойыны

Шарты: Балалардың барлығы отырады, тәрбиеші «Ұшты-ұшты, ұшақ ұшты» деп ұшатын затты атағанда балалар орныныан тұрып екі қолын екі жаққа сермеп ұшу керек, ал «ұшты-ұшты орындық ұшты» деп ұшпайтын затты атаса балалар орнынан тұрмай отыру керек. Тәрбиеші балаларды шатастыру үшін жансыз денені атағанда ұшатын қимыл көрсетеді. Балаларға мұқият болу керек!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Сендер бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізді өте жақсы меңгерген екенсіңдер!

men-zhne-orshaan-orta.docx [1,17 Mb] (cкачиваний: 1)
Посмотреть онлайн файл: men-zhne-orshaan-orta.docx