«Күншуақ» ересек тобында «Әжемнің ертегілері» » ГККП Ясли сад № 58
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№58 бөбекжай-балабақшасы"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН
Телефон завующего:
+7(727) 302-31-51
Телефон методиста:
+7(727) 302-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Күншуақ» ересек тобында «Әжемнің ертегілері»
20
май
2026

«Күншуақ» ересек тобында «Әжемнің ертегілері»

📚👵 "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Күншуақ» ересек тобында «Әжемнің ертегілері» тақырыбында тәрбиелік шара ұйымдастырылды.

Шара барысында тәрбиеленушілер қазақ халқының сүйікті ертегілерінің бірі — «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналық қойылым арқылы сомдап, өз өнерлерін көрсетті. Кейіпкерлердің образын шынайы жеткізген бүлдіршіндер көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. 🎭✨

Қойылымның басты мақсаты – балаларға ұлттық құндылықтарды насихаттау, ертегі арқылы адамгершілікке, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу және сөйлеу мәдениетін дамыту.

Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған қазақ тілі маманы Масаебаева Бибігүл Рахатовна мен тәрбиеші Байділденова Индира Бекмухановнаға алғыс білдіреміз. 🌷

👏 Кішкентай өнерпаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз!

#АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #ӘжемніңЕртегілері #МақтаҚызБенМысық #КүншуақТобы #Балабақша #ҰлттықҚұндылықтар