04
апрель
2026
🌿 Тазалық – мәдениеттің айнасы! 🌿
🌿 Тазалық – мәдениеттің айнасы! 🌿
Бүгін біздің балабақша ұжымы қалалық сенбілікке белсене қатысып, айналаны тазарту жұмыстарына өз үлестерін қосты. Ұжым болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тазалық пен тәртіптің үлгісін көрсеттік.
Сенбілік – тек қоршаған ортаны тазарту ғана емес, ол бірлік пен жауапкершіліктің, туған жерге деген қамқорлықтың көрінісі. Әрбір тазаланған аумақ – балаларымыз үшін таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға қосылған маңызды үлес.
✨ Табиғатты аялау – әрқайсымыздың міндетіміз!
✨ Тазалықты бірге сақтайық!
#Сенбілік #Тазалық #Бірлік #Балабақша #Алматы #ТазаҚазақстан