"Тұсау кесер рәсімі" мерекелік іс-шара » ГККП Ясли сад № 58
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№58 бөбекжай-балабақшасы"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН
Телефон завующего:
+7(727) 302-31-51
Телефон методиста:
+7(727) 302-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тұсау кесер рәсімі" мерекелік іс-шара
24
март
2026

"Тұсау кесер рәсімі" мерекелік іс-шара

🌿 Наурызнама – ұлттық құндылықтардың жаңғыруы 🌿

Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүр күніне орай балабақшамызда ерекше әрі тағылымы мол тұсау кесер рәсімі ұйымдастырылды.

Бұл игі шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен ұлттық дәстүрлерін сіңіру, салт-сананы құрметтеуге тәрбиелеу.

Салтанатты іс-шараға Әуезов ауданы әкімдігінің өкілдері және «Білім айнасы» газетінің журналисті арнайы қатысып, тәрбиелік мәні зор шараның куәсі болды.

Тұсауы кесілген бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, жарқын болашаққа нық қадам басуына ізгі ниеттер айтылды.

Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар арқылы біз ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырудамыз.

✨ Ұлттық дәстүр – ұлттың рухани тірегі!         

 https://ru.bilimainasy.kz/16-03-26-01/