Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық дамуы және психологиялық саулығы » ГККП Ясли сад № 58
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№58 бөбекжай-балабақшасы"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН
Телефон завующего:
+7(727) 302-31-51
Телефон методиста:
+7(727) 302-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық дамуы және психологиялық саулығы
02
декабрь
2025

Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық дамуы және психологиялық саулығы


Мектепке дейінгі жас – баланың тұлғалық, эмоционалдық және әлеуметтік дамуының ең маңызды кезеңі. Осы кезеңде баланың мінез-құлқы, өз-өзіне сенімділігі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы қалыптаса бастайды. Балалар психологының басты міндеті – баланың психологиялық саулығын сақтау, оның эмоцияларын түсінуге және дұрыс білдіруге үйрету, ата-ана мен тәрбиешіге психологиялық қолдау көрсету.

Балабақша жасындағы балаларға тән эмоциялар:

Балалар көбіне өз эмоцияларын сөзбен жеткізе алмайды. Сол себепті эмоциялар мінез-құлық арқылы байқалады.

Негізгі эмоциялар:

  • Қуаныш – күлу, белсенділік
  • Реніш – жылау, үндемеу
  • Қорқыныш – жабысып қалу, жасырыну
  • Ашу – айқайлау, ойыншық лақтыру

Бұл эмоциялардың барлығы – табиғи және қалыпты.

Балалардың эмоциясын дұрыс дамыту жолдары

1. Эмоцияны тану

Балаға эмоция атауларын үйрету: қуаныш, ашу, реніш, қорқыныш, таңқалу.

2. Эмоцияны қабылдау

Баланың сезімін жоққа шығармау: «Жылама!», «Сен ренжідің, мен сені түсінемін»

3. Эмоцияны білдіру

Балаларды эмоциясын сөзбен айтуға үйрету:

  • «Мен ашуландым»
  • «Маған бұл ұнамады»

Тәрбиешілерге арналған ұсыныстар

  • Баламен сабырлы, жылы қарым-қатынас орнату
  • Баланы басқа балалармен салыстырмау
  • Мадақтауды жиі қолдану
  • Жағымсыз мінез-құлықты емес, баланың өзін емес, әрекетін бағалау
  • Қиын жағдайларда психологпен бірлесе жұмыс жасау

Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес

  • Баламен күн сайын сөйлесуге уақыт бөліңіз
  • Баланың сезімін құрметтеңіз
  • Телефон мен теледидар уақытын шектеңіз
  • Бірге ойнау – баланың эмоционалдық қауіпсіздігін арттырады
  • Баланы тыңдай білу – тәрбиенің басты құралы

Күнделікті тұрмыста қолдануға болатын психологиялық ойындар мен жаттығулар:

1. «Көңіл-күй шеңбері»

Балалар шеңберге тұрып, бүгінгі көңіл-күйін айтады.

2. «Эмоцияларды тап»

Суреттер арқылы эмоцияларды тану.

3. «Мен қандаймын?»

Бала өзін сипаттайды (мейірімдімін, батылмын).


Психологиялық тұрғыдан қолдау көрген бала – өзіне сенімді, ашық, эмоциясын еркін білдіре алатын тұлға болып қалыптасады. Балабақшадағы психологтың жүйелі жұмысы баланың болашақ өміріне берік негіз қалайды.