02
февраль
2026
"Қазақ тілін үйретуде ата-ананың рөлі"
Құрметті ата-аналар!
Баланың тілдік дамуы ең алдымен отбасынан басталады. Қазақ тілін меңгеруде ата-ананың күнделікті қарым-қатынасы, қолдауы мен үлгісі өте маңызды. 5–6 жастағы бала сөзді тез қабылдайды, сондықтан осы кезеңде тілге деген қызығушылықты дұрыс қалыптастыру қажет.
Ата-ананың негізгі міндеттері:
• Баламен күнделікті қазақ тілінде сөйлесу; • Қарапайым, түсінікті сөздер мен сөйлемдерді қолдану; • Баланың айтқан сөзін түзеткенде ұрыспай, дұрыс нұсқасын үлгі ретінде айту; • Сұрақ қою арқылы баланы сөйлету; • Баланың жетістігін мадақтау.
Үй жағдайында қазақ тілін дамыту жолдары:
• Қазақша ертегілер, өлеңдер, жаңылтпаштар оқу; • Қазақ тіліндегі мультфильмдер мен балалар әндерін тыңдату; • Күнделікті тұрмыста (ас ішу, серуен, ойын кезінде) қазақша сөздерді қолдану; • «Бұл не?», «Түсі қандай?», «Не істеп жатыр?» сияқты сұрақтар қою; • Сөздік ойындар (сөзді жалғастыру, сурет бойынша әңгімелеу) ойнату.
Ата-аналарға кеңес:
• Баланы қателескені үшін сөкпеңіз; • Бір сөзді бірнеше рет қайталап, бекітіп отырыңыз; • Баланың жас ерекшелігін ескеріңіз; • Тілді үйретуді ойын түрінде ұйымдастырыңыз; • Балабақшамен тығыз байланыста болыңыз.