«Шын жүректен кітап сыйла» челленджі » ГККП Ясли сад № 58
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№58 бөбекжай-балабақшасы"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН
Телефон завующего:
+7(727) 302-31-51
Телефон методиста:
+7(727) 302-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Шын жүректен кітап сыйла» челленджі
02
апрель
2026

«Шын жүректен кітап сыйла» челленджі

📚 «Шын жүректен кітап сыйла» челленджі

Халықаралық балалар кітабы күніне орай

Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында Халықаралық балалар кітабы күніне орай балабақшамыздың «Балдәурен» мектепалды тобында «Шын жүректен кітап сыйла» атты челлендж ұйымдастырылды.

Челлендж барысында тәрбиеленушілер бір-біріне кітап сыйлап, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ойларымен бөлісті. Балалар кітап арқылы білім алуға, жақсы мен жаманды ажыратуға болатынын түсініп, кітапқа деген қызығушылықтарын арттырды.

Бұл іс-шараның мақсаты – балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және достық қарым-қатынасты нығайту.

📖 Кітап – білімнің кілті, рухани байлықтың бастауы!

https://www.instagram.com/reel/DWpFYTNjKPM/?igsh=ZHVhb3RkM3dpYml5