«Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» » ГККП Ясли сад № 58
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№58 бөбекжай-балабақшасы"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН
Телефон завующего:
+7(727) 302-31-51
Телефон методиста:
+7(727) 302-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі»
20
январь
2026

«Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі»

«Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» тақырыбында әдістемелік тренинг өтті

Мектепке дейінгі ұйымдарда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында балабақшамызда педагогтерге арналған «Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» тақырыбында әдістемелік тренинг өткізілді.

Тренингтің мақсаты – педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың кәсіби қызметіндегі құқықтары мен міндеттері туралы түсінігін кеңейту. Іс-шара барысында педагог мамандығының жауапкершілігі, кәсіби этикасы, заң талаптарын сақтау және педагогтің қоғамдағы рөлі туралы өзекті мәселелер қарастырылды.

Педагогтер түрлі жағдайларға байланысты ұсынылған кейстерді талқылап, пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Бұл жұмыс педагогтердің кәсіби қызметінде кездесетін мәселелерді дұрыс шешуге және заң талаптарын сақтай отырып әрекет етуге бағытталды.

Іс-шара барысында қатысушылар педагогтің басты міндеті – балаларға сапалы білім мен тәрбие беру ғана емес, сонымен қатар заңға бағынатын, жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптастыру екендігін атап өтті.

Осындай әдістемелік жұмыстар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, білім беру ұйымында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.