04
май
2026
🖼️ «Достығымыз жарасқан» балалар суреттерінің көрмесі
🖼️ «Достығымыз жарасқан» балалар суреттерінің көрмесі
Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында балабақшамыздың «Ботақан» кіші тобында «Достығымыз жарасқан» тақырыбында балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме барысында бүлдіршіндер достық, мейірімділік, бірлік тақырыптарын өз шығармашылық жұмыстары арқылы бейнеледі. Әрбір суреттен балалардың таза көңілі мен достыққа деген шынайы көзқарасын байқауға болады.
Бұл іс-шараның мақсаты – балалар бойында достыққа адалдық, өзара сыйластық, қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Көрме өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Балалар белсенділік танытып, өз жұмыстарын қуана қорғады.
✨ Достық – біздің ең қымбат байлығымыз!